Диспепсия дегеніміз не?

Диспепсия – бұл тағамды қорыту процесінің бұзылуына байланысты асқорыту жүйесінің бұзылысы. Көбіне бұл жағдай 17–35 жас аралығындағы адамдарда кездеседі.

Асқорыту бұзылысының бастапқы белгілері аса алаңдаушылық туғызбауы мүмкін. Кекіру, түйілу, нәжістің кейде бұзылуы сияқты белгілер көп жағдайда күнделікті жағдай ретінде қабылданады. Мұндай кезде науқастар әдетте не істеу керектігін біледі: тамақтану режимін өзгертуге тырысады, кеңінен танымал дәрілік құралдарды қолданады. Алайда, өз бетінше емделу жиі нәтиже бермейді, асқорыту бұзылыстары қайталана береді.

Диспепсияны дер кезінде емдемеу неге әкеледі? Егер диспепсия уақытында емделмесе, асқорыту жүйесінің созылмалы бұзылысына әкеледі. Бұл жағдайда тамақтану режиміне қарамастан, сізді іштің кебуі, диарея, іш қату, басқа да белгілер үнемі мазалайтын болады. Ауыр жағдайларда: тәбеттің ішінара немесе толық жоғалуы,салмақтың төмендеуі байқалады. Мұндай жағдайларда науқастарды шұғыл түрде ауруханаға жатқызу қажет, өйткені өміріне қауіп төнуі мүмкін.

Диспепсияның себептері

Ас қорыту бұзылыстарының негізгі себептеріне стресс, эмоционалды шамадан тыс жүктеме, тамақтанудағы қателіктер және кейбір дәрі-дәрмектерді бақылаусыз қабылдау жатады. Диспепсия сонымен қатар Helicobacter pylori инфекциясының және витамин тапшылығының фонында дамиды.

Диспепсияның белгілері

  • метеоризм, чувство распирания в животе;
  • іштің кебуі, асқазан аймағында кернеу сезімі;
  • нәжістің бұзылуы (іш қату немесе іш өту);
  • лоқсу, кейде құсу;
  • тәбеттің төмендеуі немесе жоғалуы;
  • тамақтан кейін асқазандағы жайсыздық;
  • асқазанның жоғарғы бөлігіндегі мерзім-мерзім ауырсынулар;
  • кекіру, қышқылдық кері ағу (жүрек айну).

Диспепсияны қалай емдеуге болады?

Дене әлсіздеп, дистрофия үдей түседі деп алаңдайсыз ба? Мұның алдын алуға көмектесетін сенімді жол — тәжірибелі маманмен кеңесу. Алматы қаласындағы On Clinic медициналық орталығында жоғары білікті астроэнтеролог қабылдау жүргізеді. Дәрігер терең диагностикалық тексеру жүргізіп, оның нәтижелері бойынша сізге диспепсияны емдеудің тиімді жолын ұсынады. Терапиялық курс әр науқасқа жеке түрде тағайындалады. Диспепсияны емдеу кешенді түрде жүргізіледі және мынаған бағытталады: ағзаның қоректік заттар қорын қалпына келтіру, организмнің жалпы қызметін жақсарту, асқынулардың алдын алу.

Онлайн өтінім

Өтінімді толтырыңыз, және біз сізге ыңғайлы уақыт пен шарттарды таңдаймыз!

Спасибо за заявку! Наш медицинский консультант свяжется с Вами в ближайшее время.
Маршрут картасы