ДНҚ тесті - денсаулықты нығайту, өмір сапасын және оның ұзақтығын жақсарту үшін ағзаның бірегей ерекшеліктері мен ресурстары туралы білуге мүмкіндік беретін зерттеу.
• Жалпы таралған ауруларға ықтимал бейімділік;
• Өнімнің жекелеген түрлеріне жеке сезімталдық
• Зат алмасу ерекшеліктері
• Физиологиялық және интеллектуалдық қабілеттер;
• Танымдық қабілеттер
• Тамақтану рационы, диета түрі және тағамдық көтере алмаушылық
• Терінің механикалық қасиеттері
• Ағзаның дәрі-дәрмектерге, гормондарға және әртүрлі заттарға реакциясы (пайдаланылған газдар, парабендер, кофеин, алкоголь, темекі түтіні, никотин және т. б.)
• Дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі, болуы
• Жұмыс және демалыс режимі, стресс пен эмоционалды шаршауды алдын алу
• Вирусқа қарсы және бактерияға қарсы иммунитетке әсер ететін гендер.
• Гормоналды жүйенің ерекшеліктері
• Тіс кариесі және қатты тіс тіндерінің басқа аурулары
• 2 типті қант диабетінің даму қаупі және алдын алу бойынша негізгі ұсыныстар
• Репродуктивті кезеңнің ұзақтығына және менопаузаның басталуына бейімділік
• Тұқым қуалайтын және кең таралған аурулар түріндегі барлық ықтимал қауіптерді болдырмайтындай өмір салтын модельдеу
• Өз өміріңізді сапалы жақсарту және ұзарту, өзіңңізге ғана емес, балаларыңызға да салауатты болашақ сыйлау.
On Clinic-те генетикалық тест жүргізуге арналған биологиялық материал сілекей болып табылады. Зерттеу нәтижелері мүмкіндігінше дәл болуы үшін бірқатар қарапайым ережелерді сақтау қажет:
- тістеріңізді тазаламаңыз
- тамақтанбаңыз
- генетикалық материал жиналғанға дейін 1,5 - 2 сағат бойы темекі шекпеңіз
- процедурадан бұрын аузыңызды жылы сумен шайыңыз.
Осындай көлемдегі эксклюзивті ақпаратты жинау үшін күрделі генетикалық зерттеулер, қуатты жабдықтар және мамандардың білімі қажет. Зерттеу сіздің қолыңызға түспес бұрын, біз сізге оны құрастыру процесінің барлық кезеңдерін бізбен бірге өтуді ұсынамыз.
1. Бірінші қадам On Clinic интегративті медицина маманынан кеңес алу және созылмалы және тұқым қуалайтын аурулар, өмір салты, жүргізілген операциялар және т. б. туралы сұрақтарды қамтитын сауалнаманы толтыру болып табылады;
2. Содан кейін зерттеу үшін материал алынады - емделуші арнайы контейнерге түкіріп, ол қақпақпен жабылады, жабылған кезде сілекейге арнайы консервант құйылады;
3. Бұл консервант биологиялық материалға (сілекейге) өзінің генетикалық "тұтастығымен" мамандандырылған зертханаға жетуге көмектеседі
4. Онда арнайы микрочип технологиясы бойынша жоғары білікті генетиктер тобы ДНҚ-ны биологиялық үлгіден бөліп алады, оның түсіндірмесін ашады және алынған мәліметтерге талдау жасайды;
6. Емделуші қабылдауға шақырылады, онда дәрігер адамға әр көрсеткішті қарапайым тілмен түсіндіреді және өзінің ұсыныстарын береді:
- Peptide Longevity® әдістемесі бойынша табиғатқа тән органдардың жұмысын толық көлемде түзетуге бағытталған кешенді бағдарлама;
- Терапевтік бағдарлама;
- Тамақтану бағдарламалары;
- Физикалық жаттығулар бағдарламалары.
Өтінімді толтырыңыз, және біз сізге ыңғайлы уақыт пен шарттарды таңдаймыз!
Раскрытие генетического потенциала организма и позитивные изменения, которые позволят развиваться, сохранить здоровье и молодость.
ДНК-тест проводится один раз в жизни, а его результаты будут актуальны всегда.
Простота исследования: биологическим материалом для проведения ДНК-теста в On Clinic является слюна.
Өтінімді толтырыңыз, және біз сізге ыңғайлы уақыт пен шарттарды таңдаймыз!