Жатыр мойнының дисплазиясы дегеніміз не?
Жатыр мойнының дисплазиясы – бұл қынап эпителийінің шырышты қабығындағы жасушалардың құрылымдық өзгерістерін көрсететін патологиялық жағдай.
Мұндай диагноз қойылған пациенттерде онкологиялық аурулардың даму қаупі жоғарылайды. Аурудың ауырлығына байланысты жатыр мойнының дисплазиясы 1, 2 және 3 дәрежелі дисплазиялар деп бөлінеді: Бастапқы кезеңде қынап эпителийінде жеңіл өзгерістер байқалады. Аурудың сатысы арнайы зерттеу нәтижелері негізінде анықталады.
Жатыр мойнының дисплазиясының себептері
• зиянды әдеттер (темекі шегу, алкоголь т.б.);
• адам папиллома вирусы (HPV) және жыныс герпесі;
• жатырдың созылмалы қабыну процестері;
• жатыр мойны эрозиясы;
• қатерсіз ісіктер;
• ағзаның қорғаныс күштерінің әлсіреуі.•
Көптеген әйелдер жатыр мойнының дисплазиясын уақытында емдеуді бастай алмайды, себебі ауру симптомсыз өтеді. Қынаптан бөліністер, қышыну, жайсыздық сезімі дисплазияға емес, ілеспе гинекологиялық ауруларға байланысты болуы мүмкін: кольпит, жыныстық инфекциялар, цервицит және т.б. Көп жағдайда дисплазия алдын алу тексерулері кезінде анықталады.
1-ші дәрежелі жатыр мойны дисплазиясын емдеу. Консервативті, яғни операциясыз жүргізіледі. Эпителийге жеңіл зақым келген жағдайда әйелге жалпы нығайтушы терапия, қабынуға қарсы дәрілер және зақымданған ошақты санациялау ұсынылады. Бұл шаралар эпителий жасушаларын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Егер консервативті ем нәтиже бермесе, дәрігер хирургиялық араласу қажеттілігін қарастырады. On Clinic медициналық орталығында осы ауруды диагностикалаудың және емдеудің барлық әдістері қолданылады. Ем жеке таңдалады. Босанбаған әйелдер үшін – жеңіл әрі тіндерді сақтайтын әдістер қолданылады. Инфекция анықталған жағдайда алдымен арнайы терапия тағайындалады.
Есіңізде болсын: гинекологқа тұрақты түрде бару ауруды ерте сатысында анықтауға және оның обыр ауруына айналуының алдын алуға көмектеседі.