Ішек дисбактериозы дегеніміз не?
Ішек дисбактериозы – ішек микрофлорасының бұзылуынан туындайтын патологиялық жағдай. Аурудың бастапқы сатысында белгілері аса айқын көрінбейді, алайда уақтылы ем көрсетілмесе, аурудың ауыр түрі дамуы мүмкін.Бір қарағанда, ішек дисбактериозы елеусіз бір ауру сияқты болуы мүмкін. Нәжістің бұзылуы, іштің кебуі секілді белгілер көбіне пациенттерді алаңдатпайды. Сіз лактобактериялар мен бифидобактериялар бар препараттарды қабылдап, жағдайыңызды жақсартуға тырысасыз. Жағдай сәл жақсарады, бірақ нәжіс бұзылыстары толық жойылмайды.
Дисбактериозды уақтылы емдемеу аурудың ауыр түрге өтуіне алып келеді. Тамақпен бірге қабылданатын көптеген пайдалы заттар ішек арқылы сіңіріледі. Микрофлора бұзылған жағдайда бұл процесс бұзылады. Нәтижесінде ағзада қоректік заттардың жетіспеушілігі туындайды. Иммунитет әлсірейді, инфекциялық аурулар жиілейді. Әлсіреген иммунитет аясында күнделікті жеп жүрген тағамдарға да аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін.
Ішек дисбактериозының себептері
Ішек микрофлорасы мына жағдайларда бұзылады: асқорыту жүйесі ауруларында, антибиотиктерді ұзақ қабылдағанда, эндокриндік бұзылыстарда, иммунитеттің әлсіреуі кезінде. Сондай-ақ, бұрыс тамақтану да ішек дисбактериозының дамуына себеп болуы мүмкін.
Ішек дисбактериозының белгілері
Ішек дисбактериозының ең жиі кездесетін белгісі — сұйық нәжіс. Диареяның дамуы ішекте өт қышқылының шамадан тыс түзілуімен байланысты. Бұл қосылыстар ішекке босаңсытушы әсер етеді және оның қабырғалары арқылы судың сіңуін тежейді. Егде жастағы науқастарда, керісінше, перистальтиканың бұзылуы салдарынан іш қату байқалады. Дисбактериоз көбінесе ішек моторикасының бұзылуымен және психоэмоционалдық күйзелістермен қатар жүреді, сондықтан бұл аурудан толық арылу үшін кешенді ем жүргізу қажет.
Ішек дисбактериозын қалай емдеуге болады?
Бір қарағанда елеусіз көрінетін ішек дисбактериозы өміріңізді қиындатып жібере ме деп қорқасыз ба? Бұл мәселені шешудің сенімді жолы — тәжірибелі маманның кеңесіне жүгіну. On Clinic медициналық орталығында білікті гастроэнтеролог қабылдау жүргізеді. Дәрігер толық әрі жан-жақты тексеру жүргізіп, дисбактериозды емдеудің тиімді кешенді жоспарын ұсынады. Бұл емдеу жоспары мыналарды қамтиды: қатаң диета ұстану, дәрі-дәрмек терапиясы.
Өтінімді толтырыңыз, және біз сізге ыңғайлы уақыт пен шарттарды таңдаймыз!