Цитомегалияны емдеу

Цитомегалия – бұл инфекциялық типті ауру. Оның қоздырғышы – цитомегаловирус, ол сондай-ақ Cytomegalovirus hominis және ЦМВ ретінде белгілі.
Вирустың адам ағзасына түсуінің көптеген жолдары бар, мысалы, ауа тамшыларының таралуы, қан құю кезінде жұқтыру, жыныстық жолмен берілу. Микроорганизм сілекейде, қынап секрецияларында, зәрде және тіпті емшек сүтінде тіршілік етеді және белсенді түрде көбейеді. Сондықтан цитомегалияны дер кезінде емдеу өте маңызды.
Цитомегалия симптомдары
- жиі жағдайда симптомсыз өту;
- ауру кейде өзін кәдімгі суық тию түрінде көрсетеді; дімкәстікпен және әлсіздікпен, температураның жоғарылауымен бірге жүреді;
- сілекейдің көп бөлінуі, сілекей бездері көлемдерінің ұлғаюы және олардың қабынуы;
- тұмау;
- бас ауруы және буын ауруы.
Кешенді диагностика сырқатты ерте кезеңдерде анықтауға және дер кезінде емдеуді бастауға мүмкіндік береді. Қайта жұқтыру мүмкіндігін болдырмау үшін, екі серіктесте де цитомегалияны емдеу жүргізіледі. Бұл аурудың сатысына және емделушінің тағайындалған дәрі-дәрмектерге төзімділігіне байланысты. On Clinic медициналық орталығында емдеу әдістемелері жеке таңдалады.
Әсіресе, егер болашақ ананың бұл ауруға қарсы иммунитеті болмаса, цитомегалия ұрық үшін қауіпті. Жүктіліктің ерте мерзімінде жұқтырғанда ұрықтың құрсақ ішіндегң өлімі және өздігінен түсік түсіру жиі кездеседі. Егер де кеш мерзімде жұқтырған болса, Егер инфекция кеш пайда болса, онда бала көптеген туа біткен ақаулармен туылуы мүмкін.
On Clinic-те Сізге жоғары деңгейлі медициналық қызмет көрсетіледі. Біздің клиникада цитомегалияны емдеу жұмсақ әрі тиімді өтеді. Дәл қазір онлайн брондау формасын пайдаланып кездесуге жазылыңыз!