
Шулгаубаева Жанна Дуйсенбековна
Гормоналды бұзылуларды емдеу мәселелері бойынша сарапшы
Негізгі ақпарат
- Гормоналды бұзылуларды емдеу саласындағы сарапшы
- Бедеулікті емдеуде жоғары біліктілікке ие
- Орыс және қазақ тілдерінде қабылдау жүргізеді.
- 18 жастан асқан емделушілерді қабылдайды.
Жүгіну үшін белгілер
- Контрацепциясыз тұрақты жыныстық қатынас басталғаннан кейін 12 ай ішінде жүктіліктің болмауы
- Іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну
- Етеккір циклінің бұзылуы,
- Етеккірдің ауырсынып келуі
- Етеккір циклінің кешігуі
- Қышу, шаншу, жыныс мүшелерінен шығатын бөлініс
- Ерте кезеңдерде қайталанатын түсік
- Жыныстық қатынастан кейін, етеккір циклінен тыс қан бөліністері
- Жиі және зәр шығарудағы ауырсыну
- Қорғалмаған жыныстық қатынастан кейін тексерілу
- Климактериялық синдром
- Шамадан тыс шаштың өсуі
Кәсіби дағдылар
- Бедеуліктің, жүктіліктің соңына дейін жетпеуінің себептерін анықтау және емдеу
- Гормоналды бұзылуларды емдеу
- Әйел жыныс мүшелерінің қабыну ауруларын анықтау және емдеу (сальпингоофорит, эндометрит, вагинит, вульвит, цервицит және т. б.)
- Жатыр миомасын, аденомиозды, эндометриозды консервативті емдеу
- Жатыр мойны ауруларын емдеу (эрозия, эктропион, лейкоплакия, жатыр мойны кисталары)
- Жыныстық жолмен берілетін ауруларды емдеу
- Контрацепцияның тиімді әдісін таңдау
- Етеккір циклдарының бұзылуларын жою (альгодисменорея, аменорея, меноррагия, метрорагия, дисменорея, олигоменорея, опсоменорея)
Біліктілік және жұмыс тәжірибесі - 23 жыл
Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы, «Емдеу ісі» мамандануы
Орталық аудандық аурухана, перзентхана бөлімшесі, акушер-гинеколог, Қаратау қ.
Жетісай қалалық емханасы, учаскелік гинеколог
Акушерлік және гинекология оқытушысы, Жетісай медициналық колледжі
№13 қалалық емхана, учаскелік гинеколог, Алматы қ.
№4 қалалық емхана, учаскелік гинеколог, Алматы қ.
«Авиценна» медициналық орталығы, дәрігер-гинеколог, Алматы қ.
«Гинекологиялық эндокринологияның өзекті мәселелері» біліктілігін арттыру, Д.О. Отта атындағы акушерлік, гинекология және репродуктология ғылыми-зерттеу институты, Санкт-Петербург қ.
«Гинекологиялық эндокринологияның өзекті мәселелері, 144 сағат, ФМБҒМ, Д. О. Отта атындағы акушерлік, гинекология және репродуктология ғылыми-зерттеу институты» курсы, Санкт-Петербург қ.
«Жүктіліктің соңына дейін жетпеуінің өзекті мәселелері, 72 сағат, ФМБҒМ, Д. О. Отта атындағы акушерлік, гинекология және репродуктология ғылыми-зерттеу институты» курсы, Санкт-Петербург қ.
«Кольпоскопия жатыр мойнының қатерлі ісігін ерте диагностикалау әдісі ретінде» курсы, 108 сағат.
«Профессионал» үздіксіз білім беру институты, Алматы қ.
Курс «Жатыр мойны мен қынаптың қатерлі ісікке дейінгі аурулары. Жатыр мойнының ерте қатерлі ісігі». 54 сағат.
«Профессионал» ұлттық үздіксіз білім беру орталығы, Алматы қ.
С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, патофизиология кафедрасының ассистенті
On Clinic халықаралық медициналық орталығы, гинеколог-дәрігер
Өтінімді толтырыңыз, және біз сізге ыңғайлы уақыт пен шарттарды таңдаймыз!