Жүктілік кезіндегі допплерография

Болашақ аналар үшін УДЗ таңсық емес – жүктіліктің 9 айында бұл зерттеуді триместр сайын кем дегенде бір рет өту керек. Ал допплерография дегеніміз – УДЗ-дің арнайы түсті допплерлік карталау режиміндегі түрі. Бұл зерттеудің мақсаты басқа – «ана – плацента – ұрық» жүйесіндегі қан айналымын бағалау.

«Қанына тартады» деген тіркесті жиі естисіз бе? Ана мен бала арасындағы байланыс – тікелей мағынада қан арқылы жүзеге асады. Бала құрсақта болған 9 ай бойы анасының қаны арқылы қажетті қоректік заттар мен оттегіні алады. Қан айналымының қалыпты жүруі — дені сау баланы дүниеге әкелудің негізгі кепілі.

Сондықтан жағдайды бақылау мақсатында скринингтік зерттеулер жүргізіледі, ал олардың аясында допплерография (немесе допплерометрия) тағайындалуы мүмкін. Оны жүктілікті бақылаушы гинеколог-дәрігер тағайындайды. Зерттеу әдетте плацента толық қалыптасқаннан кейін (16–18 аптадан бастап) жүргізіледі. Жүктіліктің кеш мерзімінде (30 аптадан кейін) допплерография — әрбір УДЗ-дің міндетті бөлігі болуы ұсынылады.

Қызметтердің құны

Атауы Бағасы (тг.)
УЗИ
Кешенді УДЗ
Жүрек пен мойын тамырларын УДЗ 15 000
Жамбас және сүт бездерін УДЗ 13 000
Қуық асты безі мен ұманы УДЗ 11 000
Құрсақ қуысын, бүйректі және бүйрек үсті безін УДЗ 10 000
Сүт және қалқанша безін УДЗ 11 000
Жамбас және қалқанша безін УДЗ 11 000
Standart ерлерге арналған кешен 25 500
Standart әйелдерге арналған кешен 26 500
УДЗ жекелеген түрлері
Бүйректі УДЗ 6 000
Жүктілік кезіндегі УДЗ 7 000
Бүйрек, бүйрек үсті безін УДЗ 6 500
Құрсақ қуысын УДЗ 7 000
Қуықты УДЗ 5 500
Қуық асты безін УДЗ 8 000
Жұмсақ тіндерді УДЗ (бұлшықеттер, лимфа түйіндері және т. б.) 1 аймаққа 7 000
Плевра қуысын УДЗ (екі жағынан) 8 000
Ұманы УДЗ 7 000
2 аяқтың қан тамырларын УДЗ 14 000
1 аяқтың қан тамырларын УДЗ 8 500
Жамбас мүшелерін УДЗ 7 500
Қалқанша безін УДЗ 7 000
Сүт бездерін УДЗ 7 500
Кешенді УДЗ (бүйрек және құрсақ қуысын УДЗ) 10 000
Мойын тамырларын УДЗ 7 000
Құрсақ қолқасы мен висцеральды тармақтарды дуплексті сканерлеу 15 000
Құрсақ қолқасы мен бүйрек артерияларын дуплексті сканерлеу 15 000
Жүктілік кезіндегі УДЗ (II, III триместрлер немесе 12 аптадан бастап) 9 000
Жүректі УДЗ (эхокардиография) 9 000
Жатыр-плацентарлы қан айналымын УДДГ/СМА ұрықтың доплерографиясы 9 000
Ми тамырларын УДДГ 10 000
Брахицефалиялық артерияларды УДДГ (БЦА) Мойын тамырларын УДЗ 9 000
2 қол тамырларын УДДГ (2 қол) 14 000
1 қол тамырларын УДДГ (1 қол) 10 000
Бауыр тамырларын УДДГ 9 000
Бүйрек тамырларын УДДГ 9 000
Құрсақ қуысы тамырларын УДДГ 9 500
Фолликулометрия 6 000
Ерлерде жыныс мүшелері тамырларын УДДГ 15 500
Нейросонография 9 000
Бір аймақтағы жүйкені УДЗ 10 000
Балалар жүрегін УДЗ 7 500

Зерттеу қалай жүргізіледі?

Допплерография классикалық абдоминалды УДЗ кезінде жүргізіледі, бірақ әдеттегі қара-ақ ұрық кескінінің орнына экранда көк-қызыл түсті бейне көрсетіледі. Бұл түстер қан ағымының бағытын, ал олардың қанықтылығы – қанның қозғалу жылдамдығын көрсетеді: неғұрлым ашық реңк болса – соғұрлым қан ағысы жылдамырақ жүреді деген сөз.

УДЗ дәрігері қан ағымын келесі тамырлардан зерттейді:

  • кіндік артериялары,
  • жатыр артериялары,
  • ұрықтың артериялары (әдетте: аорта, ұйқы артериясы, ми артериясы).

Түсті допплерлік карталау арқылы келесі патологиялар көрінеді:

  • тамыр саңылауының тарылуы;
  • қан ағысының турбуленттілігі;
  • қан ағымы мүлде жоқ аймақтар.

Аппарат ағымдағы көрсеткіштерді нормалармен салыстырып, оның негізінде дәрігер жүктіліктің барысы мен ұрықтың іште даму жағдайы туралы қорытынды жасайды.

Допплерография қандай жағдайларда тағайындалады?

Әдетте, УДЗ, гинекологиялық тексеру, КТГ (кардиотокография) нәтижелері бойынша дәрігер допплерометрия жүргізу туралы шешім қабылдайды.

Зерттеу келесі жағдайларда тағайындалуы мүмкін:

  • кіндік ілмектері ұрық мойнына жақын орналасқан;
  • кіндіктің дамуында ауытқулар анықталған;
  • жүрек немесе мидың ақауларына күдік туындағанда;
  • ұрықта хромосомалық ауытқулар байқалады немесе күдік болғанда;
  • ұрық жүктілік мерзіміне сай өспей жатыр;
  • аз немесе шамадан тыс көп амниотикалық сұйықтық (шамадан тыс аз/көп су);
  • құрсақ ішінде екі немесе одан да көп ұрық болса, әсіресе, олардың өлшем айырмашылығы айқын болса;
  • плацентаның жетілуінде ауытқулар анықталғанда;
  • жүктіліктің кеш мерзімінде асқынулар байқалса: гестоз, преэклампсия және т.б.;
  • 30 аптадан кейін КТГ нәтижелері нашар болса.

Сонымен қатар дәрігер мынадай анамнездерге сүйенуі мүмкін:

  • анасында келесі аурулар болған жағдайда: қант диабеті, бүйрек аурулары, гипертония, туа біткен тромбофилия, жүйелік коллагеноз, аутоиммунды аурулар (тиреоидит, антифосфолипидтік синдром, васкулит, қызыл жегі және т.б.);
  • алдыңғы жүктілік «тұрақтап» қалса,
  • өздігінен түсік тастау, өлі туу жағдайлары болғанда;
  • анамен ұрық арасындағы резус-фактор бойынша үйлеспеушілік кезінде;
  • құрсақ аймағына жарақат алған болса.

Қауіптерді азайту үшін не істеу керек? Қатаң динамикалық бақылау және медициналық персоналдың біліктілігі жоғары болған жағдайда, жоғарыда аталған патологиялар мен асқынуларды дер кезінде анықтау арқылы жаңа туған нәрестелердің аурушаңдығы мен өлім-жітімін айтарлықтай азайтуға болады.

On Clinic Алматы орталығындағы допплерография

Бүкіл әлемде диагностиканың сапасы мен дәлдігі – құрал-жабдықтардың жаңашылдығы мен мамандардың біліктілігіне тікелей байланысты. On Clinic Алматы медициналық орталығы бұл талап жақсы біледі, сондықтан допплерометрия саласында тәжірибелі УДЗ дәрігерлері жұмыс істейді және зерттеу эксперттік деңгейдегі заманауи құрылғымен жүргізіледі.

MINDRAY DC-70 атты түрлі-түсті допплерлік ультрадыбыстық диагностикалық жүйе — неонаталдық абдоминалды зерттеулерді ең жоғары деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді.

Аппарат Smart Doppler™ және Smart Track режимдерімен жабдықталған. Бұл қан ағымын кең диапазонда көзбен қарап көруге, зерттеу үдерісін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Соның нәтижесінде дәрігер қолмен баптамай, басқа нәрсеге алаңдамай, бар назарын пациентке аударады.

Зерттеу ыңғайлы әрі жайлы ортада жүргізіледі, арнайы дайындықты қажет етпейді және қауіпсіз болғандықтан, қажет болған жағдайда күніне бірнеше рет те жүргізілуі мүмкін.

On Clinic Алматыда допплерография қалай жүргізіледі?

  • Кушеткаға бір реттік медициналық жайма төселеді;
  • Пациент іш аймағын ашып, киімінен босатады;
  • Әйел кушеткаға шалқасынан жатады;
  • Дәрігер ішке арнайы гипоаллергенді, бактерияға қарсы гель жағады – бұл ультрадыбыстық сигналды күшейтеді;
  • Алдымен классикалық трансабдоминалды УДЗ жүргізіледі;
  • Кейін аппарат түсті карталау бар допплерография режиміне ауыстырылады;
  • Зерттеу барысында дәрігер толыққанды көрініс алу үшін датчикті әр бағытта қозғайды;
  • Зерттеу соңында дәрігер гельді сүрту үшін қағаз сүлгі береді әрі қорытындысы мен суреттерді науқасқа табыстайды — оларды жүктілікті бақылаушы гинеколог әрі қарай талдайды.
Процедураның ұзақтығы орташа ұзақтығы – 30 минут. Бұған қоса, 5–10 минут шамасында қорытынды дайындауға уақыт қажет. 

Маңызды ескерту: Допплерометрия көрсеткіштері қалыпты болса да, бұл басқа зерттеулердің нәтижелерін алмастырмайды және жүктілік кезінде ұрықтың дамуында проблема жоқ деген кепілдік бермейді.
Онлайн өтінім

Өтінімді толтырыңыз, және біз сізге ыңғайлы уақыт пен шарттарды таңдаймыз!

Спасибо за заявку! Наш медицинский консультант свяжется с Вами в ближайшее время.
Маршрут картасы