Төсек режимі: коронавирус және эрекция
Факт – факт: COVID жүрек-қантамыр жүйесіне асқыну береді. Онымен жеке өзі ауырғандар тамыр кеңейтетін дәрілердің дәріханалардан ең алдымен жоғалып кеткенін жақсы біледі. Белгілі болғандай, тромбоз, варикоз және қан қысымының жоғарылауынан бөлек, бұл жағдай тағы бір жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін – ер адамның жыныс мүшесіндегі эрекцияға жауап беретін кавернозды денелердің тамырларының «бітелуі».
Бұл мәселемен On Clinic Алматының урологтары мен сексолог дәрігерлері де жиі кездесуде:
«Пандемия басталғалы бері бізге коронавируспен ауырғаннан кейін эрекциясының нашарлағанына шағымданатын ер адамдар жиі келеді. Біз кешенді диагностикадан бастаймыз: талдаулар, тексеру, қуықасты безінің УДЗ-сы, сондай-ақ допплерография және вазоактивті заттармен тест жүргізіледі. Бұл екі зерттеу жыныс мүшесінің қан тамырларының өткізгіштігін жақсы көрсетеді. Бізге келген әрбір пациентте бұл көрсеткіштің төмендегені байқалды. Мұндай жағдайда бірден емдеуді бастаймыз. Әр ер адамға жеке емдеу курсы тағайындалады, бірақ эрекция мәселесінде міндетті түрде қолданылатын процедуралар бар: медикаментозды терапия, қанның лазерлік тазалануы, вакуумды терапия, АЛМАГ аппаратындағы магнитотерапия, пептидтік биорегуляция және т.б.
Кавернозды инъекцияларды ерекше атап өткен жөн. Біздің 18 жылдық тәжірибеміз олардың эректильді дисфункцияны емдеуде ең тиімді екенін көрсетті және олар ингибиторлардан («Виагра») айырмашылығы жанама әсер бермейді. Инъекцияға арналған препараттар Израильден жеткізіледі, сондықтан Қазақстан нарығында олардың баламасы жоқ. Дозасы өте мұқият таңдалады, себебі ұзаққа созылған эрекция (4 сағаттан артық) ауырсыну тудыруы мүмкін. Кейін біз ер адамға инъекцияны өз бетімен жасау тәсілін үйретеміз. Сондықтан біздің пациенттер кез келген жағдайда дайын болады», — дейді жоғары санатты дәрігер-уролог, сексолог Сулейманов Фахрудин Абдухамитович.
Тәжірибе көрсеткендей, тек иіс пен дәм ғана емес, эрекция да жоғалуы мүмкін. Ерлер, денсаулыққа бейжай қарамай, дер кезінде білікті көмекке жүгініңіздер.