14 қыркүйек 2020

Кондиломаны қалай емдеуге болады?

Кондиломаны қалай емдеуге болады?

Бородавкалар, папилломалар, кондиломалар…

Олардың сыртқы көрінісі мен дамуы әртүрлі болғанымен, барлығы бір «ата-ананың» – адам папилломасы вирусының (ВПЧ) «балалары». Кейбір ВПЧ субтиптері онкогенді болып, ракқа әкелуі мүмкін.

Бүгін біз интимдік тақырыпқа тоқталамыз – өсінді кондиломалар және гинекологиядағы олардан арылудың заманауи әдістері.

Әйелдерде бұл түзілімдер сыртқы жыныс мүшелерінде, кішкентай жыныс еріндерінде, қынап қабырғаларында және жатыр мойнында пайда болады. Олар жұмсақ саусақша тәрізді түзілімдер болып, бір-бірімен қосыла береді. Көбіне сыртқы көрінісі гүлді қырыққабатқа ұқсайды, бірақ соншалықты қауіпсіз емес. Олар өсе береді және жыныстық қатынас кезінде жарақаттанып, сіз вирус тасымалдаушысы бола аласыз.

Көбінесе ВПЧ-нің (кондиломалардың) көрінісін көзбен көруге болады. Бірақ кейде ПТР әдісімен ВПЧ зерттегенде нәтиже теріс болуы мүмкін. Бұл организмде вирус жоқ дегенді білдірмейді. Сондықтан, егер дәрігер кондиломаларды анықтаса, оларды міндетті түрде алып тастау қажет.

Бұрын зақымдалған бөлікті қышқылдармен немесе сұйық азотпен күйдіретін. Осы процедураларға балама ретінде радиотолқынды әдіс пайда болды. Технологияның негізі – жасушалардың белгілі жиіліктегі радиотолқын энергиясын сіңіру қабілеті.

Бұл не береді?

Жоғары жиілікті энергия радиотолқынды электрод ұшында шоғырланып, жасушада молекулалық энергияның кенет жарылуын тудырады. Радиотолқын энергиясы тек зақымдалған бөліктерге әсер етеді, кондиломаларды алып тастайды, сау тіндерге зиян келтірмейді. On Clinic-та бұл процедура «Сургитрон» заманауи аппараты арқылы жүргізіледі.

Әдістің артықшылықтары:

  • Процедура ауырсынусыз, себебі электрод нерв ұштарын «тұйықтайды»
  • Радиотолқындар тек зақымдалған аймаққа әсер етеді, сау тіндерге зиян келмейді
  • Емнен кейін іздер мен шрамдар қалмайды

Әйелдер әрдайым кондиломалар мен басқа ауруларды өздері анықтай алмайтыны үшін, гинекологқа 6 ай сайын кемінде бір рет қаралуға кеңес беріледі.