Варикозды тамырлардың алдын алу: қарапайым ережелер
Әйелдердің сұлулыққа ұмтылысы кейде ойламаған жағдай тудыруы мүмкін. Ыңғайсыз 15 сантиметрлік өкшелі туфлилер, “балық” үлгідегі көйлек, тығыз тартылған стрейч шалбарлар… Мұндай гардероб элементтері көптеген қыздардың фавориті. Бәрі жақсы сияқты, бірақ олар веналардың жағдайына кері әсер етеді, варикоз қаупін арттырады. Жүктілік те өз үлесін қосады: бұл уақытта веналарға үш есе жүктеме түседі.
Варикоздан қалай сақтануға болады?
- Дұрыс салмақты сақтаңыз. Семіздік веналарға қауіпті және олардың кеңеюін тудыруы мүмкін.
- Ыңғайлы аяқ киім мен киім киіңіз. Егер варикоз “провокаторларына” деген сүйіспеншілігіңіз күшті болса, өкшесі 3–5 см-ден аспайтын модельдерді таңдаңыз. Үйде мүмкіндігінше жалаңаяқ жүріңіз – бұл аяқты үнемі жатқызуға көмектеседі. Киімдерді бос, кең үлгіде кию ұсынылады.
- Ұзақ тұрудан аулақ болыңыз, көп жүріңіз. Сену қиын, бірақ тек 30 минут тұру кезінде төменгі аяқтағы веналардағы қан көлемі 300 мл-ге дейін артады.
- Бассейнге барыңыз. Ұзақ жүзе алмасаңыз да, суда тұру пайдалы – веналардағы тоқтап қалған қан ағымын жақсартады. Бассейнге балама – кешкі гимнастика: жатып, аяқтарды жоғары көтеріп, «велосипед» жаттығуын орындау.
- Майлы, қуырылған, тұзды, ащы, тәтті, ұнды тағамдарды көкөніс тағамдарымен алмастырыңыз. Крепкий кофе мен алкогольден бас тартыңыз. Холестерин – тамырлардың басты жауы.
- Кешкі контраст душ қабылдаңыз. Ол тамырларды тониздеп, нығайтады, шаршау мен ісінуді азайтады.
- Күнге абайлап шығыңыз: 11.00 дейін және 16.00 кейін, шатыр астында, күннен қорғайтын құралдарды міндетті пайдалану арқылы.
Егер варикоз сізді кенет басып қалса, емдеуге жауапкершілікпен қараңыз. Каштаннан спирттік тұнбалар, шөппен немесе сарымсақпен компрестер мәселені шешпейді. Есіңізде болсын, шыққан веналар тек эстетикалық мәселе емес, сонымен қатар денсаулыққа қауіпті. Варикоздың ең ауыр асқынуы – тромбофлебит, өлімге әкелуі мүмкін. Жағдайды бақылауда ұстауға флеболог дәрігер көмектеседі.
⠀
⠀