21 қыркүйек 2020

Неге соншама көп тест тапсыру керек?

Неге соншама көп тест тапсыру керек?

Біздің пациенттер жиі сұрайды: «Неліктен дәрігер мені анализге жібереді және олардың саны неге көп?»

Ең алдымен, бұл дәрігердің қалауынан емес, әртүрлі ауруларды жоққа шығару немесе растау қажеттігінен туындайтынын түсіну маңызды. Бүгін біз эндокринолог дәрігер жиі тағайындайтын зерттеулердің не үшін қажет екенін қарастырамыз.

ОАК (жалпы қан талдауы) – ең көп қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі. Ол әртүрлі ауруларды анықтау үшін, жоспарлы медициналық тексеру кезінде тағайындалады. ОАК арқылы лейкоциттер, гемоглобин, эритроциттер, гематокрит, тромбоциттер, эритроциттердің қалқу жылдамдығы сияқты көрсеткіштер анықталады.

Ферритинге қан талдауы жасырын анемияны анықтауға көмектеседі (төмендеуі кезінде), сондай-ақ злокачестволық ісік немесе қабыну процесін көрсетуі мүмкін (жоғарлауы кезінде).

Витамин 25ОН D – ағзаның D витаминіне қажеттілігі қаншалықты қанағаттандырылғанын көрсетеді. Ол кальций мен фосфор алмасуын реттейді. Витамин D тері, тырнақ, сүйек, тіс жағдайына әсер етеді. Витамин D жетіспеушілігі барлық эндокриндік аурулардың барысын нашарлатады және репродуктивті функцияға кері әсер етеді.

ТТГ талдауы – қалқанша безі ауруларын анықтаудың негізгі әдісі. ТТГ – гипофизде түзілетін гормон. Оның жоғары болуы гипотиреозды, төмендеуі гипертиреозды көрсетеді.

Т4 еркін және Т3 – қалқанша безінде түзілетін гормондар. Олардың жоғары болуы гипертиреоз немесе тиреотоксикозды, төмендеуі гипотиреозды білдіреді.

АТПО және антиТГ дәрігерге аутоиммунды тиреоидит туралы сигнал береді.

Инсулин, глюкоза, АЛТ, АСТ, жалпы билирубин, липидтік профильге анализдер артық салмақ пен эндокриндік бұзылыстардың себептерін түсінуге көмектеседі.

Жыныстық гормондардың деңгейін анықтау (ФСГ, ЛГ, эстрадиол, пролактин, прогестерон) әйелдерге етеккір циклы бұзылған жағдайда ұсынылады.

ФСГ, ЛГ, тестостерон талдаулары ер адамдарға интимдік проблемалар кезінде тағайындалады.

Есте сақтаңыз: уақытылы және толық диагностика – дұрыс және сәтті емдеудің кепілі! Өзіңізге қамқор болыңыз және салауатты өмір сүріңіз!