21 қараша 2020

Қуық асты безінің аденомасы: мифтер және шындық

Қуық асты безінің аденомасы: мифтер және шындық

40–50 жас аралығындағы ерлердің 50%-ында простата безінің жақсы қасиетті үлкеюі (аденома простаты) анықталады.

Бұл кең тараған ауру түрлі мифтермен қоршалған және көбінесе ер адамдар урологқа баруды кейінге қалдырады, халықтық емдеу әдістерімен емделуге үміттенеді. Келіңіздер, бірге қарастырайық: миф қайсысы, факт қайсысы?

- Аденома раққа әкеледі

Аденома простаты онкологиялық аурулар мен ракқа дейінгі жағдайларға жатпайды.

- Аденома простаты барлық ерлерде орта жаста пайда болады және табиғи процесс болып саналады

Өз-өзіңізді ерте жазып қоюға болмайды. Медицина дамып, заманауи емдеу әдістері пайда болғандықтан, ыңғайсыздыққа шыдау қажет емес. Өмір сапасын нашарлататын кез келген симптом пайда болса, дереу дәрігерге қаралып, өзгерістердің себебін анықтау қажет.

- Аденома кезінде сұйықтықты шектеу керек

Керісінше, күні бойы қалыпты мөлшерде сұйықтық ішу маңызды, бұл зәр шығару мүшелерінің дұрыс жұмысын қолдайды, инфекцияның дамуына және тастардың пайда болуына жол бермейді. Кешкі уақытта аздап шектеуге болады, осылайша түнде зәр шығару шақыруы кезінде ыңғайсыздық азаяды.

- Аденома простаты міндетті түрде хирургиялық емдеуді қажет етеді

Қазіргі медицина аденоманы хирургиялық араласусыз тиімді емдеудің жолдарын қарастырады. Ең бастысы — уақытылы маманға қаралу және дәрігердің ұсыныстарын қатаң сақтау.

- Аденома либидоны басады және ер адамға жыныстық қатынасқа кедергі жасайды

Аденома шынымен эякуляция процесіне әсер етуі мүмкін және эрекцияны қиындатуы мүмкін, бірақ сексуалдық тартылыс пен оргазм алу қабілеті сол күйінде қалады. Урологтың дұрыс таңдалған емдеуі функцияны толық қалпына келтіруге көмектеседі.

- Аденоманы дәріханалық препараттармен өздігінен емдеуге болады

Өздігінен емделуге болмайды! Дұрыс диагноз қойып, жеке емдеу курсін таңдай алатын тек уролог дәрігер ғана.