12 қаңтар 2021

Гинетон: Әйелдер денсаулығын қорғау

Гинетон: Әйелдер денсаулығын қорғау

Өмірінде бір рет болса да гинекологиялық аурулардан зардап шекпеген әйелді елестету қиын. Әйелдердің аурулары кез келген уақытта, кез келген маусымда пайда болуы мүмкін. Егер оларды уақытында емдемесеңіз, болашақта міндетті түрде өзін сездіреді. Вагиниттер, вульвиттер, цервициттер, вагиналды дисбактериоз, босанғаннан кейінгі қынап пен аралық жарақаттары, жатыр мойны эрозиясы – бұл әйелдер арасында кең тараған аурулардың толық тізімі емес…

Оларды хирургиялық араласусыз, ауырсынусыз және жанама әсерлерсіз емдеуге бола ма? Иә! On Clinic – Алматыдағы әйел ауруларын емдеуде «жұмсақ», операциясыз технологияларды қолданатын жалғыз клиника. Мұнда ерекше көмекші құрал – «Гинетон» ультрадыбыстық аппараты.

Неліктен біз «Гинетон» аппаратымен емдеуді тиімді деп санаймыз:

  • «Гинетон» арнайы насадкадан шығатын толқындар діріл тудырып, ауру аймағына емдік әсер береді
  • Ультрадыбыс дәрілердің тіндерге тез және терең енуіне ықпал етеді
  • Аппарат жұмсақ әрі ауырсынусыз санация жасап, инфекция ошақтарын бактериялардан тазартады
  • Емделген аймақтардың тез жазылуына көмектеседі
  • Дәрі-дәрмектердің мөлшерін азайту арқылы ағзаға түсетін жүктемені, аллергиялық реакцияларды минимумға дейін азайтады
  • Қан және лимфа жүйесінің жұмысын жақсартады
  • Микроциркуляцияны арттырады
  • Ауырсынуды басады
  • Дәрілер мен төмен жиілікті әсердің үйлесімі бір сеанстан кейін-ақ нәтиже береді
  • Процедура сырттан да, қынап ішінен де жүргізілуі мүмкін

Процедура ұзақтығы мен сеанстар саны диагноз нәтижесі бойынша дәрігермен жеке таңдалады. «Гинетон» аппараты мен жасалатын ем On Clinic кешенді бағдарламасының бөлігі болып табылады және әрбір пациентке жеке гинекологтармен әзірленеді.

Жамбас мүшелерінің ауруларын емдеу тек уақытша симптомдарды жойып қана қоймай, аурулардың негізгі себебіне әсер етеді.

Өзіңізге қамқор болыңыз және сау болыңыз!