23 желтоқсан 2020

Ерлер мен әйелдердегі қышыма

Ерлер мен әйелдердегі қышыма

Кандидоз (саңырауқұлақтық инфекция) көбінесе әйелдерде кездеседі, бірақ ер адамдарда да оның белгілері анықталуы мүмкін. Ауруды қоздыратын қоздырғыш – Candida тұқымдасына жататын саңырауқұлақ. Ол адам организміндегі қалыпты микрофлораның бір бөлшегі болып табылады. Бірақ кейде ол агрессивті әрекет жасап, кандидозға себеп болуы мүмкін. Мұндай жағдай организмнің жұмысында бұзылыстар бар екенін көрсетеді. Иммунитет әлсірегенде және саңырауқұлақ үшін қолайлы жағдайлар пайда болғанда ауру паразиттік формаға өтеді. Сондықтан қайталанатын кандидоздың себебін анықтау үшін тексеруден өту қажет.

Әйелдердегі кандидоздың белгілері:

  • Жыныс мүшелерінің ісінуі мен ауырсынуы
  • Жыныс мүшелерінде қышу және күйіп тұрғандай сезім
  • Зәр шығару кезінде ыңғайсыздық пен ауру сезімі
  • Қышқылт сүтке ұқсас ақ бөліністер, жағымсыз иісі бар
  • Жыныстық қатынас кезінде ауырсыну

Ерлердегі кандидоздың белгілері:

  • Жыныс мүшесінің басында ісіну, қызару
  • Жыныс мүшелерінде қышу және күйіп тұрған сезім
  • Зәр шығару және жыныстық қатынас кезінде ыңғайсыздық
  • Жыныс мүшесінде ақ қышқылт қабат пайда болып, жағымсыз иісі бар
  • Гигиеналық процедурадан кейін де қабат жоғалған жер қайтадан ақ қабатпен қапталады

Кандидозды емдеу:

  • Антибиотиктік терапия, жеке гигиенаны сақтау, иммунитетті қолдау және қорғау
  • Диетаны сақтау: көмірсуларды, ащы тағамдарды және алкогольді шектеу
  • Зиянды әдеттерден бас тарту
  • Кандидозға қарсы дәрі-дәрмектерді қолдану

Кандидоздың алдын алу:

  • Табиғи матадан жасалған іш киім кию
  • Спортпен айналысқанда киімдерді мүмкіндігінше жиі жуу
  • Жыныс мүшелерін тек таза сумен жуу және арнайы нәзік, хош иіссіз құралдарды қолдану
  • Қант диабетімен ауыратындар үшін қандағы қантты тұрақты бақылау
  • Дұрыс тамақтану және таза ауада серуендеу арқылы иммунитетті қолдау

Маңызды: Кандидоз жыныстық жолмен жұғады. Сондықтан егер бір серіктес ауырып қалса, емдеуді екеуі бірдей жүргізу қажет.