18 қаңтар 2021

ILOC - көктамыр ішіне лазерлік қан сәулелендіру

ILOC - көктамыр ішіне лазерлік қан сәулелендіру

Сіз вирустық ауруларға жиі ұшырайсыз ба? Иммунитетіңіз әлсіз бе? Сізге **ВЛОК (қанды внутривеналық лазерлік өңдеу)** процедурасы көмектеседі. Қазіргі кезде коронавирусқа жұқтыру қаупі әлі де сақталып тұрғандықтан, тұрақты иммунитет “алтыннан да бағалы”.

Бұл әдіс қалай жұмыс істейді?

Қан клеткаларының компоненттері жарық энергиясының әсерінен белсендіріледі, клетка қалпына келеді және қайта жаңарып, организмде қозғалысын жалғастырады. Осылайша қан мен бүкіл организм тазартылады. Нәтижесінде внутривеналық лазерлік терапия кезінде тамырлар кеңейіп, қан ағымы жылдамдайды, микротромбтар еріп кетеді. Лазердің күшті тазартушы әсері арқасында қан клеткалары жасартып, белсенді әрі тиімді жұмыс істей бастайды.

Процедура қалай өтеді?

ВЛОК процедурасы қарапайым. Стерильді бір реттік катетер пациенттің тамырынан енгізіліп, лазер аппаратына (төмен интенсивті сәуле шығаруымен) қосылады. Содан кейін адам отырғышта немесе жатып 7–20 минуттай процедурадан өтеді. Уақыты диагнозға байланысты дәрігермен жеке таңдалады.

ВЛОК медицина саласының көптеген бағыттарында қолданылады.

ВЛОК процедурасының нәтижелері:

  • Қанның бактерияға қарсы белсенділігін арттырады
  • Тіндердің жазылуын жылдамдатады
  • Организмдегі зат алмасуды жақсартады
  • Иммунитетті көтереді
  • Организмді қалпына келтіруге көмектеседі
  • Тамырларды кеңейту, ауырсынуды басу және қабынуға қарсы әсер көрсетеді
  • Қанның иондық құрамын қалыпқа келтіреді
  • Дем алу функциясын жақсартады
  • Тамырлар, бронхтар, өт жолдарының спазмын жояды
  • Қандағы холестерин деңгейін төмендетеді

ВЛОК жүрек-қантамыр ауруларында, варикоз және веналардағы стаздық құбылыстарда, гинекологиялық және урологиялық ауруларда, асқорыту жүйесінің бұзылыстарында тиімді. Курс әдетте 10–15 процедурадан тұрады. Тұрақты оң әсер 7–8 сеанстан кейін байқалып, 6 айға дейін сақталады. Алайда процедураның қарсы көрсетілімдері бар, сондықтан оны тек дәрігер тексеруінен кейін тағайындай алады.

Өзіңізге қамқор болыңыз және сау болыңыз!